Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда адамның қаңқасы табылды

Солтүстік Қазақстанда адамның қаңқасы табылды
Фото: Global look press 15.08.2023 18:10 872

Солтүстік Қазақстан облысының орманынан төрт жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның қаңқасы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Налобино ауылы маңындағы орманда жергілікті тұрғындар жидек теру кезінде адам қаңқасының қалдықтарын тапты. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, орманнан табылған қалдықтар Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғынына тиесілі, – делінген ПД мәліметінде.

Аталған азамат 2019 жылдың 31 тамызында ер адам үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған. Полиция, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздестіру шараларын жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға