Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда 100-ден астам жылқы суға батып кетті

Жылқылар 27 қараша күні жайылымнан жоғалып кеткен
Солтүстік Қазақстанда 100-ден астам жылқы суға батып кетті
Фото: polisia.kz 06.12.2022 11:41 1052

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына қарасты Әлжан ауылында 107 бас жылқы суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мал 27 қараша күні жайылымнан жоғалып кеткен. Арада бірнеше тәулік өткенде жылқылар Барчи көлінен табылды. Кейбірі суға батып өлген. Ал аман қалғандарын тұрғындар көлден алып шыға алмаған. Ауылдық округ әкімінің хабарлауынша, арам өлген жануарлар 45 адамға тиесілі. Мамандар мұз қалыңдаған кезде ғана өлексе алынатынын жеткізді. Өйткені қазір айдынның үстімен техника жүре алмайды. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға