Жаңалықтар

Смартфон пайдаланатын жасөспірімдердің тең жартысында суицидтің бір белгісі бар – ғалымдар

Смартфон пайдаланатын жасөспірімдердің тең жартысында суицидтің бір белгісі бар – ғалымдар
Фото: © Pixabay.com 21.11.2023 10:20 1356

Ғалымдар көп уақыт смартфонға байлану жасөспірімдер түгілі ересектерге қауіпті екенін айтады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол адам психикасына кері әсер етеді. Сарапшылардың айтуынша, ол тек ойындарға байланудан емес,  әлеуметтік желілерден де туындайды. Номофобия синдромын дәрігерлер қауіпті дертке жатқызып отыр. Біреу хабарласып жатқандай немесе телефоныңыздың дірілдегіші қосылғандай сезіну – осы аурудың белгісі. Сонымен қатар, телефоннан туындаған ондаған ауруды тізіп шығуға болады: киберауру, нарцистік бұзылыс, шизоидты бұзылыс, BlackBerry синдромы (басбармақпен тікелей қатысты) және т.б

Ең басты қауіп – суицидке әкеп соқтыруы. Анонимді жүргізілген сауалнама күніне 5 немесе одан көп сағат бойы телефон пайдаланған жасөспірімдердің 48%-і суицидтің бір белгісін көрсеткен. Ал күніне 60 минут қана смартфонмен уақыт өткізетіндерде ол көрсеткіш 20%-ді құрап отыр.

Оңтүстік Кореяда 7 мен 16 жас аралығындағы балаларға күніне 6 сағат телефон қолдануға рұқсат беріп, төрт ай бойы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде балалардың көздерінде ақау пайда болып, қылилық дендей түскен. Осыдан кейін оларға телефон ұстауға қатаң тыйым салыпты.

2000 жыл мен 2015 жылдар арасында достарымен кездесетін жасөспірімдердің саны бірден 40%-ға түсіп кеткен. Яғни, оның бірден-бірі себебі телефонның пайда болуы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға