Жаңалықтар

Өскеменде пәтер өртінен 30 адам эвакуацияланды

Отпен күреске барлығы жеке құрамнан 24 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.
Өскеменде пәтер өртінен 30 адам эвакуацияланды
Фото: ашық дереккөзден 04.10.2022 08:41 1469

Өскемен қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды EL.KZ ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметіне қарағанда, 101 қызметіне Потанин көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Белгілі болғандай, пәтерлердің біріндегі балконда қоқыс жанған. Көп ұзамай жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Отпен күреске барлығы жеке құрамнан 24 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға