Жаңалықтар

Өскеменде қала күні аталып өтті

Өскеменде қала күні аталып өтті
17.09.2019 10:21 2767

Шығыс-Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Өскемен қаласының туған күнін ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында атап өтті.

Өскеменде қала күні аталып өтті

Биыл шаһарға 299 жыл толып, айтулы күнді қала тұрғындары мен қонақтары кеңінен атап өтті. Бірнеше күнге созылған мерекелік бағдарламадан «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» да тыс қалмады. 

Өскеменде қала күні аталып өтті

Этномәдени бірлестік мүшелері, шығармашылық ұжымдар тамаша өнер көрсетіп, көрермендердің көзайымына айналды. Түрлі ұлт өкілдері туған жерге деген ыстық лебізін білдіріп, патриоттық әндер шырқады. Достық үйінің алды керемет той-думанға ұласты.

Өскеменде қала күні аталып өтті

Қала әкімі Жақсылық Омар арнайы келіп, барлық қала тұрғындарын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.

Өскеменде қала күні аталып өтті

Мерекелік концерттен бөлек жас фотографтардың «Өскемен – достық мекені», суретшілердің «Қазіргі заман өнер туындылары» атты көрмелері ұйымдастырылды. Қаланың кішкентай тұрғындары арасында суреттер бәйгесі өтті. Талантты қолөнершілер қолөнер бұйымдарын ұсынып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты. Қала күніне орай ұйымдастырған «Сүйікті қалам – Өскемен» онлайн-байқауының жеңімпаздары мадақтама қағаздармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Өскеменде қала күні аталып өтті

Әзірбайжан этномәдени бірлестігі қала тұрғындарына ұлттық тағамнан дәм татқызды.

Өскеменде қала күні аталып өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға