Жаңалықтар

Сирия мәселесі бойынша ХХ Астана процесі өтеді

Сирия мәселесі бойынша ХХ Астана процесі өтеді
Фото: ҚР СІМ 16.06.2023 19:50 591

20-21 маусымда елордада Астана форматында Сирия бойынша ХХ халықаралық кездесу өтеді.

Келіссөздерге кепілгер ел саналатын Ресей, Түркия және Иран делегацияларымен қатар Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның өкілдері қатысады. ҚР СІМ мәліметінше, байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, «Ирак пен Ливант» өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Келіссөздердің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен Сирия еліндегі жағдайы, САР-дағы кешенді реттеу бойынша күш-жігер, терроризмге қарсы күрес мәселелері, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу және Сириядағы гуманитарлық жағдай, жанжалдан кейін САР-ды қайта қалпына келтіруге жәрдем көрсету мен сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мәселелері кіреді, - делінген мәліметте.

Бірінші күні Сирия-Түркия қатынастарын қалпына келтіру бойынша «Жол картасы» жобасын дайындау барысын талқылау мақсатында Иран, Ресей, Сирия және Түркия сыртқы істер министрлері орынбасарларының консультациялары, сондай-ақ Астана процесіне қатысушылардың екіжақты және үшжақты консультациялары өтеді.

Екінші күні консультациялар жалғасады, жалпы отырыс және баспасөз конференциясы жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға