Жаңалықтар

Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 19-раунды өтті

Иран, Ресей және Түркия өкілдері Бірлескен мәлімдеме жасады
Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 19-раунды өтті
Фото: gov.kz 23.11.2022 17:00 1821

Пленарлық отырысты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов ашып, кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің Бірлескен мәлімдемесін оқыды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 19-ші халықаралық кездесуде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Сирия жөніндегі халықаралық кездесудің 19 раунды ұйымдастырылып, оның 17-сі Қазақстанда өткенін мәлімдеді.

«Қазақстанда өткізіліп жүрген Астана форматы шеңберіндегі кездесу зорлық-зомбылықтың төмендеуіне және бұрын мәмілеге келе алмаған саяси күштер арасындағы жүйелі диалогты қалыптастыруға ықпал етті», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Сондай-ақ, кездесуде босқындардың азат етілген аудандарға оралуына жағдай жасалып, тұтқындармен алмасу процесі басталғанын айтты.

«Бұл кездесуде біз барлық қатысушы елдердің бітімгершілік күш-жіггерін жұмылдыру арқылы жоғары мақсаттарға қол жеткізді деп сенеміз. Идлиб деэскалация аймағындағы жағдай егжей-тегжейлі қарастырылды. Гуманитарлық ахуалды қоса алғанда, Идлиб деэскалация аймағындағы және оның айналасындағы жағдайды тұрақты қалыпқа келтіруді қамтамасыз ету үшін одан әрі күш салуға келісті. Идлиб туралы бүкіл келісімді толық орындау арқылы «жерде» тыныштықты сақтау қажеттігі айтылды», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға