Шымкентте өрткенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлады El.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 25 шілде күні түнгі сағат 00:15-те шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен жанып кеткен.
Сондай-ақ көлемі 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен үй заттары отқа оранған. Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды.
– Аумағы 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады. Тілсіз жау сағат 00:44-де оқшауланып, 01:10 шамасында толығымен сөндірілді. Үйдің ішінен 1951 жылғы ер кісінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - делінген Шымкент қалалық ТЖД хабарламасында.
Шымкентте өртенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?