Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы қыз Астанадан табылды

 El.kz
Фото: El.kz

Шымкент қаласында жоғалған 14 жастағы Арайлым Ақтай Астанадан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызды еріктілер Астананың «Сапаржай» автовокзалынан тапқан.

6 маусымда оның әкесі полиция бөлімшесіне хабарласып, баласының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. Жасөспірім 5 маусымда үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Оқи отырыңыз