Шымкентте жалған валюта мен есірткі сатқан тұрғындар ұсталды
28.07.2023 10:03
Фото:
Видеодан алынған кадр / ҚМА
Шымкентте аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан адамдар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екеуі қала тұрғындары болып шықты. ҚМА мәліметінше, тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 кг болатын оралған гашиш тәркіленді.
Оқи отырыңыз:
- Мәйіттерді жуады: Иранда хиджаб кимеген әйелдер қайта жазалана бастады
- Сирия астанасында жойқын жарылыс болды
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

