Жаңалықтар

Шымкентте тағы бір мал бордақылау алаңшасы іске қосылды

Шымкентте тағы бір мал бордақылау алаңшасы іске қосылды
Фото: Шымкент әкімдігі 11.07.2023 05:27 924

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы Алдоңғаров шаруашылығында 200 бас ірі қара мал мен 50 бас жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда 80% жуығы аяқталған. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыған орай қала әкімі Мұрат Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бордақылау алаңын бұдан әрі дамытуға бағытталған мүмкіндіктер туралы кеңестер айтылды.

Оқи отырыңыз:

Биыл күзге дейін толық пайдалануға берілетін шаруашылықта заманауи талапқа сай арнайы қора жайлар, мал азығын сақтайтын қоймалар, жаздық қоралар мен 5 га жуық жоңышқа егіс алқабы қарастырылған.

Бордақылау алаңының қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда маңызы зор. Сауда нысандарына әр тоқсан сайын, ал өндірушілерге 1 жылға баға бекітіліп отырады.

Қала аумағында қазіргі таңда 100 бастан жоғары ірі қара мал бордақылауға арналған алаңдардың саны 30-дан асады. М.Дүйсенбекұлы алдағы уақытта қала халқын сапалы ет өнімдерімен қамтуда инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға