Әлеуметтік желіде жігітпен танысқан шымкенттік қыздың басы бәлеге қалды. Оны бейтаныс жігіт қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жас жігіт оған тосын сый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген. Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды . Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті УҰИ-ға қамалды.
Шымкентке қызбен танысуға барған оралдық жігіт алаяқ боп шыққан
Оқи отырыңыз
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер