Жаңалықтар

Шымбұлақта қысқы маусым ашылады

Ұзындығы 25 шақырымды құрайтын әртүрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған
Шымбұлақта қысқы маусым ашылады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 25.11.2022 11:52 917

Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырымды құрайтын 14 жол әзірленеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

26 қараша Алматының көркіне айналған тау-шаңғы кешенінде қысқы маусымның ресми ашылуы болады.  

Курортта демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырымды құрайтын әртүрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған.
   
Ал "Ой-Қарағай" тау-шаңғы курортында қысқы маусым 3 желтоқсан басталады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 20 шаңғы және шана жолы әзірленеді.

"Шымбұлақ" және "Ой-Қарағай" тау шаңғысы орталықтарының аумағында бір маусымдық билет сатып алуға болады. Ол екі кешеннің де аспалы жолын пайдалануға мүмкіндік береді.  Туристік өнім Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы курорттарын біріктірудің алғашқы қадамы болмақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға