Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам зардап шекті

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам зардап шекті
Фото: © El.kz 23.06.2023 15:49 659

Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха қаласында Toyota Mark 2 автокөлігінің жүргізушісі мас күйде рульге отырған. Соның салдарынан тізгінді басқара алмай қалып, Toyota Land Cruzer көлігіне соғылды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі көліктің жүргізушілері және бір жолаушы зардап шекті. Түрлі деңгейдегі жарақат алған олар медициналық мекемеге жатқызылды, - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабына (Абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға