Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда 20 тоннаға жуық балық заңсыз ауланған

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Шығыс Қазақстанда 20 тоннаға жуық балық заңсыз ауланған
Фото: polisia.kz 01.11.2022 12:37 2730

ШҚО-да 20 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында жергілікті полиция қызметінің, көші-қон және криминалдық полицияның күштері, сондай-ақ ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының “Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы” КММ инспекторлары тартылған “Браконьер” жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

25 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының аумағында Омбы–Майқапшағай тасжолының 29-шы шақырымында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатқан. Ол рұқсат құжаттарынсыз 20 тоннаға жуық көксерке балығы мен табан балықты тасымалдаған. Келтірілген жалпы шығын 116 миллион теңгеден асады.

– Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға