Жаңалықтар

Шыңжаң телевизия мекемесі: 3-арна жаңалықтарының таратылу ерекшеліктері

Жаңалықтар қызметі
11.09.2016 09:04 3807

Шыңжаң телевизия мекемесі: 3-арна жаңалықтарының таратылу ерекшеліктері

Қазақ ұлты дүние жүзінде мәдениеті байырғы ұлттардың бірі, әрі осы заманғы ел аттап қоныстанған маңызды ұлт. Дүние жүзіндегі қазақтардың жалпы саны мөлшермен 15 милионнан асып, оның басым көп сандысы Қазақстанға қоныстанып, қалғандары Жуңго, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Туркия және Еуропа елдеріне қоныстанған. Ал соңғы санақ бойынша Қытай еліндегі Қазақтардың саны1 милион 500  мыңнан асып жығылады екен .

Қазақ ұлты ұзақ тарихқа ие әйгілі ұлттардың бірі. Қазақ ұлтының ата-тегін құрайтын ежелгі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, алан, түрік, қарлық қатарлы ұлыс – тайпалар ұзақ тарихи даму барысында, тілі бір салты бір, психологиялық қасиеті бір Қазақ ұлтын қалыптастырды. Ертеде Қыпшақ даласы, кейіннен қазақ даласы атанған Шығыста Моңғол үстіртінен, батыста Каспий теңізіне дейінгі ұлан - ғайыр Азия даласы-ежелгі көшпенділер мәдениетінің ошағы, Қазақ халқының ата-жұрт, құтты мекені екенін дәлелдеп отыр. Қазақ даласы арқылы батысқа жалғанған «Жібек жолы» Шығыс пен Батыстың мәдениетін алмастыруда, қазақтың өзіне тән дара мәдениетін төрткүл төңірекке әйгілеуде маңызды рөл атқарған. Алтай, Тарбағатай, Тәңір таулары, Ертіс, Еміл және Іле аңғарлары ертедегі қазақ ұлтын қалыптастырған Сақ, Үйсін қатарлы тайпалық, ұлыстық елдердің  ата жұрттары.

Көптеген қалаларды құрып, онда ерте кезден бастап сауда – айырбас, қолөнер кәсіп, қала құрылысы, егіншілік, бақташылық кәсіптерімен кең көлемде шұғылданып, оны жоғары деңгейде дамытқан. Ал Қазақ хандықтары бұл қалаға өктемді билік жүргізіп отырған. Қазақ даласының ұғымы өте кең, қазақтар осыншама ұлан-ғайыр өлкеде жасап, қаншалаған ғасыр бұл көптеген өзгерістерге ұшыраса да,  тілдерінде үлкен айырмашылық болмау,  салт - санасында ірі парықтар болмау, тегі анық, шежіресі кемелді болу -Қазақ ұлтының елден ерекше қасиеті. Бұдан қазақ ұлтының байырғы мәдениетті ұлт екендігін байқай аламыз.

Тарлан тарихтың парағына көшіп жүріп із қалдырған ата- бабаларымыздың бір белесіне үңілсек, яғни Чиянлуңның 22-жылы  7- айдың  16- күні (1757-жылы 30- тамыз ) 

Жарлық: «Шекараны орнықтырушы қосынның оң қол генералы Жаухуи мен кеңесшісі Амбан Фудының мәлімдемесінше: Қазақ ханы Абылай қателігін түзетіп, адал көңілмен бағынды, бекінісімізге сарайға апаратын тарту - таралғыларын алып келген ек. Сөзі мен ниеттерінің шын екеніне көзіміз жеткен соң, біз сол елшілерді Бейжіңге жібердік делінген... Қазақ ханы Абылайдың бағыну хатын аударып, елдің іші - сыртына жариялап, бұл істі күллі жұртқа жариялауы тиіс. Хаттағы сөз былай: «Мархабаты Ежен ханға құзырыңыздағы Абылайдан: бабаларым Есім хан, Жәңгір хан, заманынан бермен кіндік қағанаттың лебізі мен ұлағаты бізге жетпей келіп еді. Енді, міне, Ежен хан біздей қиырдағы ұлыстарға өзіңіздің шапағатыңыз жете бастады. Бұған мен де, қол астымдағы ел жұртым да шексіз қуанады. Мархабатты Ежен ханның шапағатына алғыстан басқа не айтамыз. Қарашаңыз Абылай ел жұртты бастап ұлан-ғайыр мәдениетке бауыр баса отырып, мәңгі бақи кіндік қағанаттың құзырында болуға пейіл. Кіндік қағанаттың аса мәртебелі қағаны өзіңізге адалдығымызды әйгілеу үшін, осы хатты ұстатып жеті елші мен олардың атқосшысы және күтушісі болып жалпы 11 адамды даргайыңызға арнайы жібердім. Сізге әрқашан есендік тілеп тартуға 4 сәйгүлік жөнелттім».

Міне, осы жарлықтан Абылайдай арыстың ел, жер амандығы үшін, мынау байтақ өлкені сақтап қалу үшін, көрші алып елдермен бірде жауласса, бірде достасып, бірде паналап, бірде алыстап күш жігерін сарқығанын аңғарамыз. Егер дәл осылай саясат қолданбағанда, бір алып балықтың кішкене балықты жұтып жіберуі әбден мүмкін еді. Оның үстіне сахарадағы Моңғол секіліді ескі жаулары да Қазақ елінің күшін бәсеңдеткен. Дәл осы құбылмалы жағдайда парасатты хан Абылай өте дұрыс шешім қабылдады. Қытай елінің қолтығына кіре отырып, өзін қорғады және өзінің ұзақ уақыттан бері келе жатқан ата жауын әлсіретті. Бұл бағыну сол тұстағы Қазақ елінің күй - жайына қарата жасалған ең дұрыс ең кемелді шешім еді. Міне, бұл Қазақ елі мен Қытай империясының алғашқы дипломатиялық келісімінің басталуы еді.

Енді біз Чиянлун патшаның 22- жылы 7-айдың  17- күні (1758-жылы  1- қыркүйек ) күнгі Абылай ханға қайтарған жауабын талдап көрейік.

Қазақ ханы Абылайға: мен іш пен сыртты бөле жармай тең көретін аспан асты барша қауымның патшасымын. Жоңғарлардың кесе көлденең болуынан сіздің жұртыңыз бізге елші жіберіп, тарту ұсына алмай келген еді. Қосындарымыз жоңғарларды  тыныштандырып, ұлысыңыз ақ ниетпен бағыныштылық білдіргеннен кейін, мен сіздерді толық түсіндім. Генаралдарымыздың мәлімдеуінше, сізге лауазым беру және жұртыңыздың шаруашылық жайын анықтап білу, қажетті көрінеді. Меніңше, сіздерге артықша заң - ереже қолдану қажетсіз, бізден тым шалғай тұрғандарыңыз үшін сіздерді қалқа Моңғолдарымен қатар қою қажетсіз. Егер хан атанған босаңыз,  дереу бекітемін, сізге бұдан өтер сый болмас. Егер хандық атағыңыз өз тарапыңыздан болып менің бекітуім қажет болса, хатқа ашық жазарсыз. Мен жұртыңыздың бұрынғы көшпенді дағдысы бойыншы бейбіт тұруын үміт етемін. Егер тарту ұсынар болсаңыз оны өз қалауыңыз бойынша істеңіз. Ал амандыққа елші жіберсеіңз онда еселеп тарту ұсынар едім. Жақсылыққа жат қылық шағарып, бүлік тудырған Әмірсанаға келсек, ол халқыңызды құрығына іліп бұлғаққа себеп болып отыр. Генаралдарымыз сіздердің лебіздеріңізді жеткізді. Айтуға қарағанда бүлікші жерімізге келер болса дереу ұстап тапсырамыз депсіз. Мен бұл сөзіңізге кәміл сенемін. Сіз қазір қағанатымыздың мәдениетіне пейіл беріп, бағыныштылық білдіріп отырсыз, бірақ мынаны ұғынуларыңыз керек: Жоңғарлар жайлаған жерлердің барлығы біздің иелігіміз. Ал, сіз өз иелігіңіздің топырағын қапысыз қорғаңыз. Біздің иелігімізге беталды соқтығушы болмаңыз.  Қосындарымыз жеңісті жорық жасағаннан кейін, ойраттардың біраз бөлігі сіздің иелігіңізге қашып барған көрінеді. Сіз олардың ішіндегі бас қылмыстыны ұстап беріп, халқын өз қарауыңызға алсаңыз болады. Дидарласу үшін келген елшілердің қайтып баруына біраз уақыт кететіндіктен, атшабарлар арқылы осы хатты жедел жөнелтіп отырмын. Менің айтқаным бойынша істесеңіздер қашанда шексіз бақ - дәулетке кенелесіздер.

Қытай әміршісінің Қазақ ханы Абылайға жазған хатынан олардың құшағының кең екенін байқай аламыз, бар кереметті өздері ғана жасап жатқандай тәкаппар, айбатты бейне танытқан. Алайда, Қазақ елінен пайда болмаса зиян болмасын білген. Қазақ елі бағынса өз күш қуатының арта түсетініне, атағының аспандайтынына кәміл сенген. Сондықтан да шетке қақпаған. Демек бұлай істеу әр екі жаққа да тиімді болған. Сауда жасау, сәйгүліктер алу сынды артықшылықтар болары анық еді. Біз бұл жарлықты оқи отырып, алда талай тамаша барыс-келістің болатынына сенейік. Жалғасты мына бір жарлықты қарап көрейік.

Чиянлунның 22-жылы  10 - айдың 7-  күні (1757- жылы 18- қараша)

Шекараны орнықтырушы қосынның оң қол генаралы Жау хуилар былай деп хабарлайды: Ерке сары, Нусандардың мәлімдеуінше, 15-тамыз қазақ жеріне кіріп, ел ағасы Дәулетбаймен жолығып, Абылайға қыркүйектің  5  жаңасы кездесетіндігін айту туралы уағдаластық. Абылай Ежен ханға сәлем айтты. Біз Абылайға: сіздердің бағын болғандарыңызға мәртебелі Ежен хан өте қуанды. Егер ел ағаларына түгел лауазым алып бергіңіз келсе, ру - тайпа ақсақалдарының тізімін жасап, Ежен ханға мәлімдейік. Абылай хан қарақшы Әмісананың қоршауды қалай бұзып, ұстатпай кеткенін баяндады. Абылайға генарал амбандардың Әмірсананы қолға түсірмейінше әскерді әсте шегіндірмейтінін айтты. Абылай генаралға хат жолдап: «Қосын бастап сәйкесе тұтқындау дегеннің мәнісі  қалай?»-деп сұраған еді. Біз оған: «Сіздер ұзақ уақыт бойына оны ұстап бере алмадыңыздар. Сондықтан, қосынымызды жіберіп, жәрдемдеспекшіміз. Бірақ сіздерді қорқып қалмасын деп алдын ала айтып отырмыз»-дедік. Абылай бүрсікүні ақылдасайық деп келісті. Уағдалы күнге жеткенде Абылай: «Әмірсана қазір біздің жеhімізде емес екен. Ал лауазым сұрау туралы ертең бірдеңе десек»-деді. Екінші ретте Абылай ауырып қалдым деп адам жіберді. Бізге он неше күн көрінбеді біз мән жайды қол астындағы адамдардан сұрап білдік. Олардың кейбірі Абылай мен Әмір сана ант ұстаған ана .сондықтан Абылайдың оны ұстап беруі қиын. 21- қыркүйек біз Абылайға амандаса бардық. Абылай (Әмірсананың ол жерде жоқ екеніне) балалары мен бауырларын нұсқап, ант етті. «Бүлікшілердің атаманы Хадын тайпасының жайсаңы Үлімжіні ұстап берулеріңіз қалай?» деп сұрағанымызда, Абылай:«Олар Қожабергенмен бірге көрінеді. Оны ұстауға дереу адам жіберемін»-деді. Араға он шақты күн салып біз Абылайға кезігіп: «Орта жүздің, ұлы жүздің, кіші жүздің ақсақалдарының тізімін беріңіз»-дедік. Абылай тағы: «Mәртебелі генарал  бізге Ежен ханның аса рахымды екенін, салт - жосынымызға ешқандай өзгеріс жасамайтындығын айтты, біз төбеміз көкке жеткендей қуандық» - деді. Бізден қашан жүретіндігімізді сұрады. Біз: «Әмірсананы ұстап бермесеіңз қайтып мәлімет жасай аламыз» - дедік. Абылай тағы да: «Әмірсана орыс жеріне қашып кетіпті деген сыбыс естіп қалдым, сонан анық дерегін біліп келуге адам жібердім» - деді. Ерке сарылардан келіп түскен мәлімет бойынша былай деді: «Абылай Үліңгірде жылқы өткізіп айырбасқа бұйым алсақ деп тілек білдіріпті. Оған жер мойыны тым қашық болса саудагерлердің барып -келуіне тым қолайсыз болады. Келер жылы шілде айында Еренқабырға , Үрімжі өңіріндегі базарға жылқы айдап барып бұйым алыңыздар  деп жауап бердік». Біздіңше Әмірсана орыс жеріне өтіп кеткендіктен, Еркесарының Қазақ жерінде тұра бергенінен қайтқаны абзал. Ал Үрімжіге келсек қазір тың көтермекші болып отырған мына тұста, қазақтармен сауда жасаудың біз үшін пайдасы көл - көсір.

Міне, осы жарлықтан Абылайдың Қытай империясына бағынса да, өзін яғни өз елдігін жоғалтпаған, олардың айтқанына көніп, айдағанына жүрмеген, өзінің асқақ адамгершілігін жоғалтпағанынан, Абылайдың шын пейілмен берілмегенін байқау қиын емес. Тек амалсыздан бас сауғалағаны байқалады.  Ұлы, кіші, орта жүздердің ақсақалдарының тізімін бермей сыртқа сыр шашпаған, өз береке - бірлігін сақтаған. Тіпті өзі бас иіп отырған Қытай императорының доңыз айбатынан сескенбеген. Міне, бұл берекесі бекем, ынтымағы жарасқан бүгінгі елдің өткен тарихы еді.

Біз мына бір жарлықтан Қытай мен Қазақтардың арасында терең дипломатиялық қатынастың болғанын аңғарамыз. Чянлунның 22- жылы 11- айдың 5- күні (1757- жылы 15- желтоқсан )

Әскери құпиялық амбандары ақылдасып былай деп мәлімет етті: Ілгеріде Жаухуилардың мәлімдеуінше, Абылай Үрімжіде жылқы саудасын жасау талабын білдіріпті. Біз ақылдаса келе, жер мойыны тым қашық,  саудагерлерді осы араға жию өте қиын болғандықтан, сауда жолын білетін адамдарды іріктеп, сауда үрдісі бойынша олармен үкімет тарап сауда жасасса, бірақ, сауданың үкімет тарабынан жасалып отырғаннын білдірмесек деп ұйғардық. Енді бас тотықтың дәтнамасына бақсақ, онда, сауда Үрімжіде жасалса, тасымал шығыны артып кетеді. Сол үшін жәрмеңкені Тұрпаннан ашқан жөн сияқты. Келер жылғы жәрмеңкеде тек жылқы саудасы  ғана жасалады. Егер қазақтар түйе, қой, сиыр сияқты  түліктерін  айдап келіп жатса, онда оны да алайық, қосынымызға олар да қажет. Қажетті кездемені ішкі істер мекемесі жеткізіп бере алса, түсі мен сапасынан мәселе шықпасын. Сауданы үкімет жүргізгеннен кейін, саудамызға саудагерлер міндетті түрде араласады. Сонда сапа мәселесінен іс шықса олардың наразылығына қаламыз.  Қазір Шанши өлкесінен жібек кездемелер әкелініп жатыр. Баркөл қамбаларында қолдан тоқылған кездемелер мен маталар да жеткілікті. Құмыл қоймасында тұрған шай қорымыз да мол. Бұларды қосынның басы артық түйелерінен пайдаланып немесе керуен жалдап, арба кірелеп, Даутай, Туңжы, кіші жасақбасыларды саралап жіберіп, қараулы шеріктердің қорғауында, жәрмеңкеге жеткізу керек деген сөз айтылған. Біздің бұрынғы келіскен пікірімізше болғанда, қазақтармен Үрімжіде сауда жасауды біз бұрын Абылаймен ақылдасып бекіткеміз. Оның үстіне алдиярымызға жолдап мақұлдау алғанбыз. Қиырлықтар алдында сенімімізден айырылмау үшін, жәрмеңке орнын өзгертудің маңызы шамалы. Бұған қаржы көп жұмсалса өзіндік құн есебінен бағаны қымбаттатуымызға болады. Үрімжінің беті ашық, кең, бірнеше жерінен базар құруға болады. Ал, Тұрпан шекара (Чиң қосындары тұрған жер ) мініп тұр әрі салынған қамалдары бар. Қазақтар ұйғырлармен үйір айқас бола берсе, кейіндеп бас ауру тауып алуымыз да мүмкін. Сондықтан біздің бұрынғы пікіріміз бойынша істеуді талап етеміз. Сатуға әкелген аттар да мініс аттардан тыс биелер де кездеседі. Олардың бір бөлігін ғана алып, басқа түліктерді де алғанымыз жөн. Арық-тұрақ малдарды саудалауға болмайды дегенімізбен, базарды меңгеру үшін сонша алыстан әкелгенін ескеріп арзанырақ алуымызға болады. Ал жібек кездеме Шанши өлкесінен табылатын болса, бас тотықтың айтқаны бойынша істейік. Қазақтар кездеме мен шайға қатты мұқтаж. Қазір Құмыл қоймаларында шай, Баркөлде мақта кездемелер қоры болса, қосынның басы артық түйелерінсіз-ақ керуен жалдап немесе арба кірелеп тасып әкелсек жарар. Даутай, сарашы, кіші жасақбасы сяқтылырды саралап жіберу және оларға лайықты шамада қарауыл- шеріктер қосу туралы айтарымыз: қажетті астық, тұз, көкөніс, сонымен қатар ере барған саудагерлердің сатып алғысы келген нәрселер жөнінде оларға ерік береміз. Әрі бас тотықтың айтқаны бойынша істейміз. Мұнан тыс бас тотық(жәрмеңке амандағын қорғаушы) жүз шерік жіберуді талап етіп отыр. Тұрпандағы тұрғылықты қосынымыз бұл істің мүддесінен шығы алады. Егер бұрынғы  айтқанымыз бойынша сауда Үрімжіде жасалатын болса, онда шерікті көбейтуімізге тура келеді. Мұнда бас тотық жағдайға қарай дұрыс шеше білу керек. Келер жылғы алғашқы сауда үшін ереже – тәртіп белгіленуі тиіс. Бұған атүсті қарауға болмайды. Сауда- саттықта әділ болу, өзара тиімділік жасау өнегесі көрсетілу керек. Сол арқылы қиырлықтар Ежен ханның қамқорлығын сезіне алу керек. Сол үшін бұл істі ойдағыдай игеруді уалаят пен мыңдықтардағы ұлықтарға құлақ қағыс ету керек.

Бұл жөнінде жарлықта былай делінген: «Хуаңтиңгуидің  келер жылғы қазақтармен арадағы  сауданы ұйымдастыру туралы баяндамасын әскери құпиялық амбандары талқылап сарайға мәлімдеді. Арадағы бұл саудаға олардың адал ниетпен бағынғаны үшін, зәру заттарын алуына жағдай жасап, тұрмыстарына көмектесуді талап етіп отырмыз. Оның үстіне олардың жерінде жылқы өседі, мұнымен ішкі өлкеге апарылатын жылқылардың  кем бөлігін толықтауымызға болады. Бұл сауда арқылы біз оларды қамқорлық жасап өзімізге тартайық деп отырғанымыз жоқ. Олардың заттарын арзанға алып пайдаға батайық деп те отырғанымыз жоқ. Алда саудаласқанда істі тым қиындастырмайық. Еріктеріне жүгіріп, немқұрайлық істемейік. Екі жақ тең мүдде алсын. Бұл сауданы ойдағыдай істеу жөніндегі жарлығымды Хуаң Тиңгуиға жеткізсеңдер болады. Баяндамада айтылған уаләят, облыс мансаптыларын саралап жіберу ісіне келсек, түбінде бүкілдей үкіметтік тәсілге сүйеніп  сауда жасау тым келіспейтін көрінеді. Себебі, қызмет адамдарының саудаға қуаты, саудагерлермен таныс болуы екі талай. Меніңше уалаят әкімдерінен Фан Чиңхуң, сарашылардан Жаң Чингуаңдар және олардың үй іші бұрын әскери керек - жарақ саудасымен айналысқан. Олардың сол кезде сауда жасасқан тамыр - таныстары әлі де бар олар осындай істің ретін жақсы келтіруі мүмкін. Осы екеуінің бірін Гансуда тұрғызып, ұйымдастыру жұмысын істетсек қалай болар? Мұның пайдасы бола ма, жоқ па? Жақсылап ақылдасап пікірлеріңді мәлімдеңдер». Бұл жарлықтан Абылай ханның ұлы Қытай империясымен талай жылдар бойы сауда қатынасын жасасқанын байқауға болады. Өздерінде бар жылқы, қой, түйе сяқты төрт түлігін базарға әкеліп керек заттарын алып отырған ал Қытайларда есесін жібермей, өздеріне қажетті пайдасын түсірген осы арқылы дипломатиялық сауда қарым - қатынасы жүрілген. Демек, екі ел қалай дегенмен  өзара көршілік тиімділік қатынас орнатқан.

Чиянлунның 25- жыл 5- айдың 27- күні ( 1760-жылы  9-шілде )

Патша Туңлы ханда Қазақ елінен Әбілмәмбет, Абылай, Әбілпейіс ханбабалар жіберген елшілерге қонақ асы берілді әрі жарлық жариялап былай деді: «Қазақтың ел ағалары Әбілмәмбет, Абылай, Әбілпейіс ханбабаларға: Сіздердің маған амандасуға жіберген елшілеріңіз Құттыбай, Аталайларды Үрімжіде тұратын амбандарымыз қорғап, қолдап Бейжіңге әкелді. Оларды қабылдап, өтініштерін сұрап білдім. Қонағасы бердім, сыйлық тарту еттім. Сіздерге атап бірқатар маңлық, қамқа торғын және ыдыс-аяқ сияқты тартулар жібердім, елшілеріңіздерге де ұлықтық айдар, бөрік, шекпен, салтанат алқасы, күміс,  торғын, ыдыс сияқты біраз сыйлықтар тарту еттім. Қастарына елдеріне апарып салатын қорғаушыда қостым. Елшілеріңіздің айтуына қарағанда, ойрат жері құлазып бос қалыпты, Әбілпейістің жұртынан Таңатар барлық та, Нарбатыр темір Норда, Қаракерей елінен Есенкелді Жолымбеттер Тарбағатайда, Тұрымтайдың адамы жарылғап Алтынеміл, Қаратал Көксу деген жерде отырыпты. Елшілеріңіз: Іледен қоныс беріп жарылқасаңыз деген сөзді айтады. Тарбағатай ежелден Жоңғарларға тән қоныстар әрі қосынымыз тыныштандырған жер. Сіздер, сондай-ақ, бұйраттар, Тәшкенттіктер, Анджандықтар, барлығыңыз да бізге бағынып отырсыздар. Қазақтың жері аса кең, жүйеге жүгінер болсаңдар, сол бұрынғы шекараларыңызды сақтағандарыңыз жөн. Қоныс кеңейту ойында болмаңыздар. Маған бағынғандарыңыз үшін шекарадан өтіп көшіп- қонамызға болады деп ойламаңыздар. Қағанаттың қосыны тыныштандырған жерді көпке үлестіру жосыны қайда бар? Қазір шенділеріміз бен шеріктеріміз арты - артынан Ілеге көшіріліп тың игеру жұмысы қолға алынуда. Абылай сіздің Тарбағатайдан қоныс сұраған өтінішіңізді мақұлдаған едім .солай бола тұра мына бассыздыққа қалай барып тұрсыздар ?Жоңғарлардың танауынан құрт түсіп ,сіздермен жер таласып тұрған шақта, шенімізге маңайлай алмаушы едіңіздер. Біз Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана бейбіт тұрмысқа кенелдіңіздер.бұғанда шүкіршілік етпейсіздерме!Іледегі Жаңжун амбандарымыз шекара өңірге үнемі шарлау жіберіп тұрады. Егер адамдарыңыздан  сол жерге көшіп - қонған байқалса, не қуалайды не тұтқындайды. Сонымен олар тіршілік сүйенішінен айырылады.менің ту баста рахым жасааған себебім бұл емес еді. Сіздердің бізге бағынғандарыңызға талай жыл болды. Содан бері барлық істе инабаттылық танытып айтқандарымызды орындап келесіздер. Ал жөн жосықты білмейтін  біреу бар шығар, олар біздің иеліктегі жерде көшіп қонар болса, қайдан келсе сол жерге кету туралы ұқтырыңдыр. Сонда ғана адалдықтарың айдай әлемге жария болады.

Жоғарыдағы жарлықтыр мен құпия хаттарды оқи отырып, бұл жерде үш түрлі мәселе айтылған деген қорытындыға келдік.

1. Өзара бір - біріне тиімділік жасау бір - біріне зиян келетін істі істемеу турасында. Мысалы, Абылай алғаш бағынған тұста өзара сенімсіздік көрсету, яғни Әмірсана Қазақ жеріне қашып келді деген Қытайлықтар оны ұстап беруін өтінеді. Алайда Абылай бас тартады. Ал қытыйлар Әмірсананы іздеу сылтауымен Қазақ жеріне ішкерлеп енеді. Бұнда Қазақтар қанша бағыныштылық танытқанымен Қытайлар әлі де өз өктемдігін орнатып тұр. Сол тұста Абылай хан қоян бұлтаққа салып кейбір мәселеден қашты. Яғни Әмірсананы ұстап бермеді және үш жүздің ақсақалдарының атының тізімін бермеді. Орынды себеп тауып жалтара білді. Әрі Қазақтар тек Қытайлармен  ғана байланыста болып қалмастан, орыстармен де қатынасын үзбеді. Міне, бұдан Абылайдың Қытай империясына бағыну мақсаты тек өз елінің амандағы жерінің бүтіндігі үшін екенін аңғарамыз. Қытай елшісі Қазақ елшісінен : «Егер Қытай империясымен Орыстар соғысса сіздер қай жағында тұрасыздар?» - деп сұрапты. Coнда қазақ елшісі: «Қытай мен Рoссиядай екі алып ел шайқасып жатса біздей кішкене ғaна елдің бейтарап тұрғаны абзал деп жауап беріпті». Бұдан бүгінгі азаттықтың түп-тамырын көре аламыз.

2. Ірге кеңейту(шекара мәселесі). Қазақтар  Қытайларға бағына отырып, олардан қорқып - үркіп отыра бермеген, Іледен ,Тарбағатайдан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға