458.69
501.3
6.52

Шу қаласында өрттен екі бала қаза тапты

Өрт кезінде балалар үйде жалғыз, ересектердің қарауынсыз болған
pixabay
Фото: pixabay 03.12.2022 13:10 979

2022 жылғы 2 желтоқсанда сағат 23:55-те Шу ауданығың Шу қаласында жеке тұрғын үйде 30 шаршы метр аумақта өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Өрт орнында 2017 жылы туған және 2020 жылы туған 2 баланың мәйіті табылды.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күштері өртті сағат 00:10-да оқшаулап, сағат 00:35-те сөндірді.

Бірінші бөлімше өрт орнына сағат 23-58-де, өрт туралы хабарлама келген соң 3 минуттан кейін келді.

Өрт кезінде балалар үйде жалғыз, ересектердің қарауынсыз болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болған балалардың анасы 1989 жылы туған азамат балаларды үйде қалдырып, есікті сыртынан жауып тастап кеткен.

Айта кету керек, бұл үйде профилактикалық жұмыс 2022 жылдың 22 қазанында жүргізілді - өрт сөндірушілер рейдтік іс-шаралар барысында осы үйге барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

Осы өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»  бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс шеңберінде тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар