2 ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты - el.kz

Жаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған
ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: sn.kz 03.11.2022 00:22 698

Шығыс Қазақстан облысындағы "Өскемен-Риддер" тасжолында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы сағат 14:00 шамасында Глубокое ауданы Опытное поле кентінің маңында болған. 

- "Өскемен-Риддер" тасжолының 3-ші шақырымында "Nissan Note" және "Toyota Land Cruiser" автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан "Toyota Land Cruiser" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Осы көлікте отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға