Жаңалықтар

ШҚО-да полиция қызметкерінің қаруымен аңға шыққан адам ұсталды

ШҚО-да полиция қызметкерінің қаруымен аңға шыққан адам ұсталды
Фото: © Polisia.kz 03.08.2023 12:18 658

Полицейлер заңсыз аң аулаған Алтай ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алтай ауданы ауылдарының бірінің маңында тас жолдың бойында 30 жастағы азаматтың басқаруындағы Mitsubishi автокөлігі тоқтатылып, оның жүксалғышынан жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің еті табылып, тәркіленді.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ оптикалық көздегіші және белбеуі бар ойық ұңғылы Сайга маркалы қаруы , 8 дана патрондары бар дүкен, ағаш сабы бар пышақ, және еттен оқ тәркіленді, - деп мәлімдеді полициядан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаруымен заңсыз аң аулаумен айналысқан 69 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Осы дерек бойынша тәркіленген ұшаға сараптама, сондай-ақ баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жауап алу кезінде ер адам өзінің іс-әрекетін мойындады. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға