Жаңалықтар

ШҚО-да екі басшы жауапқа тартылды

ШҚО-да екі басшы жауапқа тартылды
Фото: © El.kz 23.02.2024 04:32 678

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында екі бөлім басшысы жауапқа тартылды. Олар «Прокуратура туралы» Конституциялық заңды бұзған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент тапсырмасы бойынша прокуратура инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруда. «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты негізгі шешімдері келісіледі.

Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың толықтығын бағалау мақсатында инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттерді орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі мен мемлекеттік кіріс органдарына қажетті материалдармен қамтамасыз ету туралы талап жолдаған. Алайда ауыл шаруашылығы және мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшылары прокуратураның заңды талаптарын елемеген.

Бұл қадағалау органының жауабынсыз қалмады. Самар ауданы сотының қаулыларымен прокурордың талаптарын орындамағаны үшін  жоғарыда аталған уәкілетті органдардың басшылары ӘҚБтК-нің 665-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды деп мәлімдеді облыс прокуратурасы.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға