Жаңалықтар

Шырайлы Шымкент туралы қызықты 20 дерек

Өмір сүруге ыңғайлы қала.
Шырайлы Шымкент туралы қызықты 20 дерек
10.01.2017 13:41 34761

  • Рейтинг бойынша Шымкент қаласы 2016 жылы «ең ыңғайлы қала» ретінде танылды.

  • Шаһарда жасыл қаланың бас жоспары бекітіліп, аумағы 117 мың гектарға жетті.
  • Шымкент – 2200 жылдық қала атанды. 2017 жылы шаһар күнін тойлау жоспарланған.
  • Қалаға іргелес жатқан үш ауданнан 40 елді мекен қала аумағына өтті.
  • Шымкент қаласы халық саны да миллионға жуықтады.
  • Шымкентте ширек ғасырда 4 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды.
  • Шаһарда 169 мың оқушысы бар 129 мектеп жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде.
  • Балабақша саны 129-дан 383-ке арқан.
  • «Shymkent city» ауқымды жобасы қолға алынды. «Shymkent city» – Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Орта Азиядағы ең көне қаланың жаңа тарихи бейнесін айшықтайтын болады.  Жаңа жобаның жалпы аумағы 427 гектарды құрайды.  
  • Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі статусына ие.  
  • Шымкенттік 7 бірдей сарбаз Кеңес Одағынығ Батыры атағын иеленген.
  • Шымкенттің қақ ортасын кесіп өтетін Қошқарата өзені – қаланың мәдени-тарихи құнды дүниесі. Суының өзіндік қасиеті бар.
  • Мұнда ел аумағындағы ең биік ескерткіш – Бәйдібек би ескерткіші орналасқан.
  • 2011 жылы Халықаралық Ассамблея ұйымы ел астаналары мен ірі қалалардың арасынан Шымкентті үздік қала ретінде таныды.
  • Шаһарда 35 жылдық тарихы бар дендросаябақ пен зообақ бар.
  • Шымкенттің автомобиль жолдары ел аумағында ұзақтығымен ерекшеленеді.
  • Қаланың ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 2135 шақырымды құрайды. Жалпы саны 1964 көше бар.
  • Шымкенттегі 5 жұлдызды санаттағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйі заманауи сәулеттік келбетке ие. Бұл нысанның жалпы ауданы 34 мың шаршы метрді құрайды. 12 қабатты қонақүйде 176 жайлы нөмірлер, соның ішінде көлемі 450 шаршы метрлік Қазақстандағы ең үлкен президенттік нөмір бар.
  • Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инва-такси жобасы тегін қызмет көрсетеді.  
  • Биыл Шымкент қаласының бюджетіндегі жаңа жылдық безендіруге арналған қаржы әлеуметтік жағдайы төмен балаларға үлестірілді. (Әлеуметтік аз қамтылған 5144 балаға – 10 мың теңге көлемінде, 774 тұл жетімге – 39 640 теңгеден бір жолғы көмек көрсетілді. Қаржы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жеке есеп шоттарына аударылған).
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға