instagram.com/janar_baisemiz

Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Америкада тұрмысқа шықты

21.02.2024 16:45

"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының жүргізушісі Жанар Байсеміз шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Джулиананың америкалық азаматқа тұрмысқа шығып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Джулиананың шетелдегі анасымен әрдайым хат-хабар алмасып тұратынын, елімізден Джулиананың туған әкесі, туыстары табылғанын атап өтті.

Біздің сұлу қызымыз тұрмысқа шықты! Дәл қазір Америкадан жеткен сүйінші хабар. Джулиананы бәріңіз @sheteldegi_qazaq_balalary білесіздер. Асырап алған анасы @susan.elko.harris қуанып, суреттерін жіберіп жатыр. Күйеу баламыз Джулиана десе ішкен асын жерге қоятын тамаша жігіт екен. Бұған дейін сұлу қызымыздың туған әкесі, ағайын-туысы, ата-әжесі табылғанын хабарлаған едім. Джулиананың бағы ашылсын, – деп жазды Жанар Байсемізова.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректерді ұсынған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanar Baisemiz (@janar_baisemiz)