Жаңалықтар

Шетелдік маман Жәнібек Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Әлімханұлын алда Бентлиге қарағанда әлдеқайда мықты қарсыластар күтіп тұр
Шетелдік маман Жәнібек Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі туралы пікір білдірді
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly 15.11.2022 03:25 4348

Decision dividida промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес желіде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензель Бентлидің жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz.

"Жәнібек қолынан келгеннің бәрін жасады, арбитр оның қолын көтерді, ол әлі де әлем чемпионы. Дегенмен... Кейде боксшыдан талап етілетін жалғыз нәрсе - өз жекпе-жегінде жеңіске жету. Бұл арада мәселе мынада, Әлімханұлы өзін рингте қателеспейтін, қолынан келетін барлық айла-шарғыны паш ету арқылы жеңіліп көрмейтін дию секілді көрсетіп келді. Ол рингте сондай, оған сенемін. Сондай-ақ ол өзін өз салмағындағы сұм секілді "сатады" (жарнамалайды - авт). Яғни, осы биік міндеттерге сай ойынды көруге келеді көрермендер. Сондықтан Әлімханұлына жұмыс істеу керек, өйткені оны алда Бентлиге қарағанда әлдеқайда мықты қарсыластар күтіп тұр", — деп Sports.kz Родригестің Твиттердегі жазбасын келтіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға