Жаңалықтар

Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол жабылды

Бұл туралы "Қазавтожол" ұлттық компаниясы мәлім етті
Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол жабылды
Фото: ult.kz 13.12.2022 09:41 1057

Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" күре жолының 105-123 шақырымында жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың 13 желтоқсанында сағат 08.30-да Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" күре жолының 105-123 шақырымдары аралығында жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға