Қазақстанда шегіртке зиянкестерімен күрес мақсатында 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл 2,1 млн гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 1,4 млн гектары өңделді.
Іс-шараларға 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған. Химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Түркістан облысында күрес шаралары толық аяқталды: 371,79 мың гектар алқап өңделді. Ақтөбе облысында – 268,12 мың га, Қостанай облысында – 258,97 мың га, Жетісу облысында – 51,81 мың га, Жамбыл облысында – 74,48 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 136,66 мың га, Қызылорда облысында – 50,01 мың га алқап өңделді.
Қалған өңірлерде жұмыстар жалғасуда.
Шегірткеге қарсы қандай шаралар атқарылып жатыр?
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?