Жаңалықтар

Шегіртке Қостанай облысындағы 16 мың гектар жайылымдық жерге тараған

Шегіртке Қостанай облысындағы 16 мың гектар жайылымдық жерге тараған
Фото: ҚР АШМ 10.07.2023 11:00 1101

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шегіртке зиянкестерінің таралуы тіркелген Қостанай облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ басшысы күні бұрын табын зиянкестерінің шабуылы туралы хабар келіп түскен Қостанай және Қамысты аудандарында болды.

Ведомство мәліметінше, бұл екі ауданда жәндіктер 16 мың гектар жайылымдық жерге тараған. Фитосанитарлық шаралар сол күні кешке басталды, өйткені өңдеулер техникалық регламентке сәйкес кешке және таңғы уақытта жүргізілуі тиіс.

Министр химиялық өңдеу жүргізіліп жатқан егістіктерде болып, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Қостанай ауданындағы «Луговое» шаруа қожалығының басшысы Василий Куцтың айтуынша, қорғаныс шаралары зиянкестердің ошақтары табылғаннан кейін бірден басталды.  

Оқи отырыңыз:

Біз егістіктен шегірткелерді байқадық. Дереу аумақтық инспекцияға хабар берілді. Мамандар бірден келіп, алқаптарды зерттеп, арнайы техниканы іске қосты. Шегіртке табынының шамамен 70% тоқтатылды. Аудан аумағында сақтандыру жұмыстары үшін дельтаплан орналастырылды, қажет болған жағдайда ол қайтадан іске қосылады. Бұл ретте зиянкестер ауыл шаруашылығы дақылдарына жеткен жоқ, егілген егін жәндіктен зардап шеккен жоқ, - деді Василий Куц. 

Ербол Қарашөкеев өңірдегі табын шегірткелеріне қарсы күрестегі жедел және үйлесімді жұмыстың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануын болдырмауға қол жеткізілгенін атап өтті. Министр Қостанай облысындағы егіс алқабы 4,6 млн гектарды құрайтынын, оның 500 гектары ғана зардап шеккенін айтты.  

Шегірткенің таралу қаупі пайда болысымен барлық арнайы техниканы бірден іске қосамыз. Негативті сценарийге жол бермей, жағдайға жедел әрекет етеміз, - деп атап өтті АШМ басшысы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қостанай облысының аумағында өңдеуді қажет етеді деп анықталған 397 мың гектардың 356 мың гектары өңделді. Оның ішінде италиялық прусқа қарсы фитосанитариялық іс-шаралар 298,4 мың гектард немесе жоспардың 77% жүргізілді, азиялық шегірткеге қарсы 9,7 мың гектар өңделді, бұл жоспарланған алаңдардың 27,5% құрайды. Сондай-ақ 28 мың гектар италиялық шегірткеге қарсы АШТӨ-нің жеке қаражаты есебінен өңделді.

Зиянкестермен күреске 31 арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 9 желдеткіш бүріккіш, 13 аэрозольді газ генераторы, 6 аса жеңіл авиациялық кеме және 3 жеңіл ұшақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға