Жаңалықтар

Шайбалы хоккейден ел құрамасы Словакияны жеңді

Шайбалы хоккейден ел құрамасы Словакияны жеңді
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey 20.05.2023 05:35 641

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 25 жылдан кейін Словакияны жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында тартысты ойын өтті. Словакиялық хоккейшілер тізгінді қолдарына алуға тырысып, қарсыластардан Патрик Кох 14-минутта есеп ашты.

Ал екінші кезеңде қатарынан үш шайба соққан қазақстандық құрама жеңіске біртабан жақындай түсті.

Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бір голдантсоғып, таразы басын теңестірді.

Осылайша кездесу 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте Қазақстан мүлт кеткен жоқ. Нәтижесінде қарсыласын 4:3 есебімен жеңді.

Қазірге дейін екі құрама сегіз мәрте кездескен. Оның алтауында словакиялық, біреуінде қазақстандық хоккейшілер басым түссе, бір ойын тең аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға