pexels.com

Шаш кептіргіш жаңа туған сәбиді өлтірді

30.05.2025 15:31

Башқұртстанда 20 күндік нәресте өрттен қаза тапты, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Бұл оқиға әкесі сәби жатқан төсекте қосулы фен қалдырғаннан кейін болды. Қыздыру құрылғысы қатты қызып, көрпе, матрас және киімдер тұтанып кеткен.

Оқиға болғанда, сәбидің анасы үлкен екі қызын — екі және төрт жастағы балаларды — балабақшаға апарып кеткен. Өрттен алған ауыр күйіктердің (3 және 4 дәрежелі) салдарынан дәрігерлер үш күн бойы сәбиді аман алып қалуға тырысқанымен, ол көз жұмды.

Оқи отырыңздар:

Қайғылы жағдайдың не себептен болғаны белгісіз. Тергеу комитеті нәрестенің өліміне байланысты тергеу жұмыстарын бастады.