Жаңалықтар

«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді

Вахид Юнусовичтің бапкерлік тәжірибесі мол, соның ішінде «Шахтер» командасында (2000, 2005, 2006) тер төкті.
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
29.06.2022 02:15 887

Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін Қарағандының «Шахтер» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды El.kz порталы.

«Шахтер» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, команданы қазақстандық маман Вахид Масудов жаттықтыратын болды.

Вахид Юнусовичтің бапкерлік тәжірибесі мол, соның ішінде «Шахтер» командасында (2000, 2005, 2006) тер төкті.

Сондай-ақ «Тараз», «Атырау», «Ақжайық», «Қайрат», «Восток», «Ордабасы», «Локомотив», «Ақтөбе», «Мақтаарал» және Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырды. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының да тізгінін ұстады.

Қазіргі кезде «Шахтер» командасы 17 ұпаймен турнир кестесінде 9-орында келеді. Келесі турда қарағандылықтар 2 шілде күні өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға