Ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың үшінші партиясы тең аяқталды. Кездесу 30-шы жүрістен кейін аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайлық гроссмейстер бүгінгі партия нәтижесі бойынша матчтағы есепті теңестіре алмады. Непомнящий 2:1 есебімен алда келеді.
Естеріңізге сала кетейік, қос мықтының арасындағы бірінші партия да тең нәтижемен аяқталған болатын. Ал екінші ойында ресейлік шахматшы жеңіске жетті. Төртінші кездесу ертең өтеді.
Әлем чемпионаты аясында барлығы 14 партия жоспарланған. 7 ұпайдан артық жинаған спортшы әлем чемпионы атанады.
Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас: Непомнящий мен Лижэнь тең түсті
Оқи отырыңыз
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?