Жаңалықтар

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды

Биыл алғаш рет шаһар алаңдарын безендіру үшін күн энергиясы пайдаланылды
14.07.2015 10:28 4653

Күні кеше ғана сарыарқа төсінде бой көтерген ажарлы Астана қаласы 17 жылдығын дүркіретіп тойлады. Үнемі аңызғақ желі мен жаңбыры танымал елордамыз қала күні таяғанда өзгеше сұлулыққа малынып, құлпырып шыға келді. Қаланың әр бұрышында көркі келіскен архитектуралық пішіндер пайда болды. Биыл тұңғыш рет безендіру жұмыстары барысында қалалық электр желілері ресурстарын үнемдеу үшін күн энергиясын шоғырлайтын батареялар мен RGB технологиялар қолданылды.

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды

Жалпы қаланы мерекеге сай безендіру кезінде отызға жуық шағын архитектуралық пішіндер пайдаланылған екен. Жарық-диодты инсталляциялар елорданың 3 ауданына бөлінген. «ADVART» ЖШС атқарушы диркторы Жанар Әбішеваның айтуынша, команда тұжырымдаманы дайындауға 3 апта, ал, конструкцияларды орнатуға бір айдан астам уақыт жұмсаған.

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды 

«Әр тармақ бойынша жеке топ жұмыс істеді. Жалпы безендіруді ұйымдастыруға 150 адам тартылды», - деді Жанар Әбішева.

 Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды

Мереке күндері Астанаға 23 мемлекет пен Қазақстанның өңірлерінен 2000 астам қонақ келген. Ұйымдастырушылар мен қала әкімдігі жыл сайын мерекені қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді етуге тырысады. Қалалық биліктің басты мақсаты – адамдардың бәрі қатыса алатын, қолжетімді шараларды көптеп ұйымдастыру.

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды 

Биыл «Жан жүрегім Астана» конструкциясы үш тілде 20 жерде орнатылған. Жанар Әбішеваның айтуынша, жұмыста пайдаланылған барлық материалдар ең соңғы үлгідегі энергия үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы жасалды. Қалалық электр желілері ресурстарын үнемдеу үшін алғаш рет күн энергиясын шоғырлайтын батареялар, сондай-ақ, RGB технологиялар қолданылды.

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды 

Нұрлы жол бульвары мен «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда қойылған орындықтары бар гүл аркалар танымалдыққа ие болды. Жалпы, осындай 40 арка орнатылды.

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды 

Безендіру барысында «ЕХРО» көрмесінің символы да пайдаланылған. Көптеген шараларды ескере келе, Есіл өзенінің жағалауына ерекше көңіл бөлініп, бұрын-соңды болмаған тың композициялар ойластырылған.

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды 

«Өзен жағасында адам көп жүреді. Жағалауда Астана күні символымен баннерлер ілінді, өзенде түнде жанатын «Қайық» композициялары орнатылды», - деді Жанар Әбішева.

Шаһарды безендіру үшін алғаш рет күн энергиясы пайдаланылды 

«Жастар» театары алаңында тұңғыш рет дизайнерлік жиһаз элементтері қойылды. Биылғы мерекеде қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шыққан тағы бір ерекше шара – Есіл өзені жағалауында ұйымдастырлған «Нұрлы Есіл» атты мультимедиялық-пиротехникалық шоу болды. 2 күн қатарынан ұйымдастырлған шоуды тамашалған халықтың санында есеп жоқ. «Ел жүрегі – Астана!» атауымен өткен биылғы мерекенің құрметіне Астана бойынша 70-ке жуық шаралар ұйымдастырлды.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға