Шағалалардың қырылу себебі анықталды
Қазір қырылған шағалалардың саны 2750–ге жетті
Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz
29.06.2022 16:32
375
Қашаған кен орнының екі жасанды аралында «Шағала» қара-ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.
«Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында - су, топырақ және ауа сынамалары, онымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды. Зерттеу нәтежиесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.

Алдыңғы жаңалық
Барлық адамның өмірі перзентханадан басталады
Келесі жаңалық
Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 72 адам шалдықты