Жаңалықтар

ШҚО-да Абай Құнанбаевтың 174 жылдығы үлкен кітап көрмесімен аталып өтті

ШҚО-да Абай Құнанбаевтың 174 жылдығы үлкен кітап көрмесімен аталып өтті
12.08.2019 16:00 4478

Қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі, реформатор Абай Құнанбаевтың 174 жылдығына орай А. Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасында «Абай Құнанбаев халық мақтанышы» атты үлкен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ШҚО-да Абай Құнанбаевтың 174 жылдығы үлкен кітап көрмесімен аталып өтті

Көрме қонақтары ақынның ақындық және философиялық мұрасымен, оның шығармашылығын зерттеушілердің жұмыстарымен, «Абай» әдеби-көркем журналымен, «Абай әлемі» жаңа кітап сериясымен танысты.

ШҚО-да Абай Құнанбаевтың 174 жылдығы үлкен кітап көрмесімен аталып өтті

Абай Құнанбаевтың алғашқы өмірбаянын кім жазды? Оның алғашқы кітабын қай жылы және кім шығарды? Абай әдеби мектебін кім құрды? Абай тұрмыста, жақындары, шәкірттері мен серіктестері арасында қандай болды? Оларды неге үйретті? Даулы мәселелерді қалай шешті? Осы және басқа да сұрақтарға жауаптарды көрмеде ұсынылған алғашқы абайтанушылар Қайым Мұхамедханов, Мұхтар Әуезов, Мекемтас Мырзахметұлының еңбектерінен табуға болады.

ШҚО-да Абай Құнанбаевтың 174 жылдығы үлкен кітап көрмесімен аталып өтті

Сондай-ақ, биылғы жылы Абай Құнанбаевтың алғашқы жинағының жарыққа шыққанына 110 жыл толып отып, оның көшірмесі көрмеге қойылды.

Абай шығармаларын қастерлеушілер Абайдың орыс достарының туыстары мен мемуарларының естеліктерімен танысты. Олар «Абай туралы естеліктер»/«Воспоминания об Абае Кунанбаеве» кітабында басылып шықты. Қатысушылар Абай шығармашылығына қатысты викторинаға қатысып, «Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені» тақырыбы бойынша пазлдар жинауға қатысып, кітаппен «селфи» жасап, олармен әлеуметтік желілерде бөлісіп, челлендж-эстафетаға атсалысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға