Жаңалықтар

Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады

Көрме
13.09.2016 08:47 3178

Алматыда 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында әнші, композитор, музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған  фотокөрмесі өтеді. Шара «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады

Көрмеде Батырдың жүзге жуық суреті мен жеке заттары қойылады. Суреттің көпшілігінің авторы – белгілі фотограф Николай Постников. Ол Батырхан Шүкеновпен ұзақ жылдар бойы шығармашылық байланыс жасаған. Ал, шараның дизайнын ойластыруды белгілі отандық дизайнер Нұрлан Төреханов өз мойнына алыпты.

Естеріңізде болса, былтыр 8 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында «Батыр LIVES» концерті өткен болатын. Сондай-ақ, әнші өмірден озған соң, оның «Аманат» атты жаңа үнтабағы жарық көрді. Оған қазақ тіліндегі 10 ән кірді.


Жансая ТӨЛЕГЕН

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға