Жаңалықтар

Сеул мэрі халықтан кешірім сұрады

Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 150-ден астам адам қаза тапты
Сеул мэрі халықтан кешірім сұрады
02.11.2022 23:06 1062

Сеул қаласының мэрі О Се Хун Хэллоуиндегі оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz.

Қалалық кеңседе өткен баспасөз мәслихатында Сеул мэрі апат үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ ол көп адам жиналған жерлерде трагедияға жол бермеу үшін қала әкімшілігі барлық шараларды қолданатынын мәлімдеді.

Айта кетсек, жергілікті БАҚ-та қала әкімшілігі мен полицияның Итхэвондағы жағдайды бақылай алмағаны туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде халық қалалық әкімдіктің жазатайым оқиғаны алдын алу шараларын қабылдауы тиіс еді деген пікірлер қалдыруда.

Бүгін полицияның арнайы тергеу тобы Сеул қалалық полиция басқармасы, Енсан полиция бөлімі және тағы алты кеңседе полицияның Итхэвондағы адамдардың өліміне әкелген әрекетсіздігін тергеу аясында рейд жүргізді. Бұған дейін Ұлттық полиция басқармасы қайғылы оқиғадан 4 сағат бұрын Итхэвонда адамдар тым көп жиналып жатқаны туралы 11 жедел шақырту түскенін, бірақ еш әрекет жасалмағанын мойындаған еді.

Еске салсақ, Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 150-ден астам адам қаза тапты, оның 19-ы шетелдік азамат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға