Жаңалықтар

Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізілмек

Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізілмек
Фото: © Polisia.kz 03.09.2023 12:54 8811

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суреті желіге тарап кетуіне байланысты қызметтік тексеру басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы және бейнебақылау камерасының обьективін жауып тастау фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жеке құрамның заңдылықты бұзуына қатысты түбегейлі ұстанымға берік. Келіп түскен әр ақпарат тыңғылықты тексеріледі. Заң бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады», - деп жазылған комитеттің ресми ақпаратында. 

Олардың айтуынша, Серік Күдебаев пен жанындағылар жайғасқан дастарханның үстінде тәртіпке қайшы келетін азық-түлік өнімі жоқ көрінеді.

ІІМ бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіп ережелері бойынша қлымыстық атқару жүйесінде қамауда отырған сотталушылар азық-түлікті сырттан сәлемдеме ретінде немесе туысқандарымен кездескен кезде қабылдауға хақылы. Олар ол тамақты арнайы бөлінген орында бос уақыттарында тұтына алады. Бұл талап қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелердің барлық түріне ортақ. Алдын ала мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған. Тексеру кезінде тыйым салынған азық-түлік өнімдері табылған жоқ», - деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға