Семейлік полицейлер “синтетиканың” 100-ден астам дозасын тәркіледі
![Семейлік полицейлер “синтетиканың” 100-ден астам дозасын тәркіледі Семейлік полицейлер “синтетиканың” 100-ден астам дозасын тәркіледі](/storage/storage/element/2023/09/22/mainphoto/69398/1200xauto_UBPRTczOa7pDFM2215Xzib3hbZvc1do6WIVWnV7c.jpg)
Семейлік полицейлер “синтетиканың” 100-ден астам дозасын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, 25 тамызда Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп”, “Қарасора – 2023” ЖПІШ өткізу шеңберінде есірткінің синтетикалық түрлерін заңсыз таратқаны үшін облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын ұстады, оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында ұнтақ түріндегі заты бар 14 зип-пакет табылып, тәркіленді.
Қорытындыға сәйкес зерттеуге алынған зат салмағы 28,88 грамм А-PVP психотроптық заты екені анықталды, 3 зип-пакетте ұнтақ түріндегі ақ түсті мефедрон салмағы 1,37 гр. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы – 30.25 грамм болатын, 100-ден астам доза. Қара нарықта бағасы шамамен 1 миллион теңгені құрайды.
ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)