Семейдегі тағы бір жылу орталығының қазандығынан ақау шықты

 semeynews.kz
Фото: semeynews.kz

Семейде Энергетик шағын ауданындағы жылу көзінде тағы да ақау пайда болды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 10 желтоқсанда таңғы сағат 4:00-де «Интернат 5» жылу көзінде ШЗҚ жүйесінің бұзылуы және жылу беру параметрлерінің төмендеуі орын алған.

«Теплокоммунэнерго» МКК қызметкерлері (12 адам) жағдайды жою үшін жұмыс істеуде, жылу қысқа мерзімде қалпына келтіріледі, – деп хабарлайды қалалық әкімдік. 

 

Оқи отырыңыз