Семейде 9 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Семейде тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенді. Оқиға Шәкәрім көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Шақырту бойыша мекенжайға дереу жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 5 тұрғынды эвакуациялады. 55 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын тез арада сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз