Жаңалықтар

Сайлауға әрдайым ерте келемін

Учаскесінің төрайымы алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға сыйлық табыстады
Сайлауға әрдайым ерте келемін
Фото: baq.kz 20.11.2022 07:37 927

Астана қаласының бірқатар лауазымды мемлекеттік тұлғалары дауыс беретін Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 111-сайлау учаскесі дауыс беруге ашық, деп хабарлайды  El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Құрметті бақылаушылар, сенімді өкілдер, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Президенттің кезектен тыс сайлауына байланысты Астана қаласының 111-сайлау учаскесін дауыс беруге ашық деп жариялаймын, – деді сайлау учаскесінің төрайымы Жанна Тәуекелова.

Сондай-ақ сайлау учаскесінің төрайымы алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға сыйлық табыстады.

Сайлау – Қазақстан тұрақтылығының, позитивті дамудың негізі. Мен сайлауға әрдайым ерте келемін. Оның үстіне 92 жастағы қарт анам бар. Оны да оянған соң дауыс беруге алып келемін, – деді Астана қаласының тұрғыны Нұрхан Назирова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға