Жаңалықтар

Сайлау комиссиясының аппараты бюллетендерді дайындау мен жеткізуді қамтамасыз етеді

Сайлау комиссиясының аппараты бюллетендерді дайындау мен жеткізуді қамтамасыз етеді
Фото: El.kz 27.02.2023 11:22 1176

Бұл туралы ОСК отырысында ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«ОСК Парламент Мәжілісінің депутаттарын, Мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетендерін дайындауды, олардың санын бекітуді, жергілікті сайлау учаскелеріне жеткізуді өз жауапкершілігіне алады. «Сайлау партияларының атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы» 2023 жылғы 17 ақпандағы жеребе өткізу нәтижелеріне партиялық тізім бойынша бекітілді. Сайлаушылардың жалпы санының бір пайыздық резервті қоса алғанда, өңірлерге жеткізуге 12 млн 152 мың 876 бюлетень жеткізіледі. Бюллетеннің бланкі – екіжақты. Түсі – көгілдір. Пішімі – A5»,- Сәбила Мұстафина.

Осыған дейін ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға