Жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Фото: ©El.kz/ Артем ЧУРСИНОВ 31.05.2023 13:35 1454

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шараның мақсаты -  Қазақстан халқы тарихының қайғылы кезеңдері саяси қуғын-сүргін, ашаршылық туралы халықтың ортақ тарихи жадын сақтау арқылы ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайту.

Басқосуға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері, сондай-ақ, Астана қаласы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Астана қаласы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Тілеген Садықов бүгін еліміздің барлық өңірінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу өтіп жатқанын айтты.1997 жылы президент жарлығымен 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын ашаршылық құрбандарын еске алу күнін бекіткенін атап өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің професссоры Құрманғали Даркенов қазіргі таңда ең көп көтеріліп жүрген мәселе ашаршылық екенін жеткізді. Профессор сол жылдардағы тарихқа көз жүгіртті.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Президент Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан кейін соңғы жылдары ішінара ғана айтылып, зерттеу біраз бәсеңдеген 1921-22 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық мәселесі қайта көтеріліп, кешенді зерттеу жұмыстары қайта жанданды. Күш қолдану, мәжбүрлеу шаралары арқылы ет, астық дайындау қазақ жеріндегі ашаршылықты тудырушы факторлардың бірі болды, – дейді.

Сондай-ақ, Даркеновтің айтуынша сол жылдары азық-түлік дағдары қатты болған көрінеді. Мәселен 1929 жылы ақпанында Кеңес Одағының барлық территориясында нанға, арада шамалы уақыт өткен соң осы 1929 жылдың шілдесінде етке карточка енгізілді карточка енгізілді. Қазан айында нан, жарма, ет, май, қант, шәй мен жұмыртқаның жетіспеушілігі айқын сезіліп, бәрі карточкамен беріле бастаған екен. Сондықтан, азық түлік жетіспеушілігі жағдайында Москва Қазақстанда ет дайындау жұмыстарына ерекше мән берген. Филипп Голощекин Қазақстан Одақта ет дайындаудың неғұрлым ірі аймағы деп, ет дайындауда Мәскеу бекіткен жоғары межеге ешқандай қарсылық білдірмей орындау талабын қояды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

1931 жылдың қысында осы мақсатпен Қазақстанға Халық комиссары А.Микоян арнайы келді. Ол 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Сталин мен Молотовқа телеграмма салды. Қазақстанда мамандар малды шамадан тыс алу, сою алапат жағдайға душар қылуы мүмкін деп, қарсылық танытты, – дейді Құрманғали Даркенов.

Кеңес Одағы ел ішіндегі азық түлік дағдарысын шешу және шетелден өндіріске қажетті технология алу үшін ет дайындау жоспарын күрт өсірді. Қазақстанды ет дайындау базасы ретінде қарастырған орталық шектен тыс, өте көп ет дайындау жоспарын бекітті.

Неге, ашаршылық қазақ халқын баудай түсірді деген сұрақ туады. Осы сұрақтың жауабын біз ғана емес, шетелдік ғалымдар да іздеуде. Бірінші фактор – Голощекин тұлғасы. Әрине, бұл факторды оның кінәсі жоқ ол партия мен үкіметтің тапсыр­масын орындады деп теріске шығаруға немесе оны деп төмендетуге болмайды. Кінәсі бар, – дейді профессор Даркенов.

Ал саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің басшысы Күлпәш Ілиясова Астана қаласы бойынша Алаш бағыты, Алаш қозғалысына қатысты адамдардың тізімі жасалып жатыр.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Қазастанның 30 жылдығы аясында құрылған үшінші мемлекеттік комиссия саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Алаш тұлғасына қатыстылардың тізімі еселене түсті. Қазір олардың нақты санын айта алмаймыз, – дейді тарих ғылымдарының кандидаты Күлпәш Ілясова.

Ол сондай-ақ, Алаш қозғалысына қатысқан әр азаматтың бойында қандай күш болған деген сұраққа жауап берді.

Өздерінің білімділігі мен бойында имандылық болған. Алаш қайраткерлерінің артында қалған мұрасын бүгінге дейін бізге жеткізіп отырған өзінің артында қалған ұрпақтарымен бірлесіп отырып шығарған еңбектері бар, – деді ол.

Сөз соңында ол Алаш қайраткерлерінің артында қалған мұрасын қазір қоғам игере алмай отырғанын жеткізді. Зерттеуді алға тартып, ал ғалымдар шығарған дүниені шығармаларын, еңбектерін игеру жұмыстары әлі әлсіз екенін айтты.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға