Жаңалықтар

Саясат Нұрбек Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында дәріс оқыды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті
Саясат Нұрбек Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында дәріс оқыды
Фото: gov.kz 04.11.2022 20:52 1028

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында дәріс оқыды. Дәріс «Цифрлық трансформация жағдайындағы дағдылар мен құзыреттер» тақырыбына арналды, деп хабарлайды El.kz

Саясат Нұрбек өз сөзінде бүгін отандық жоғары білім саласы мүлдем жаңа шындыққа тап болып отырғанын атап өтті. Қазақстан жетекші өңірлік білім беру хабтарының бірі болуға мүмкіндік алды.

Оның айтуынша, білім берудің баламалы, инновациялық форматтарын белсенді түрде ілгерілету қажет.

«Мен цифрландыру уақыттың талабы екеніне сенімдімін. Сондықтан біздің министрлік «цифрлық университет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша маңызды жұмыс жасап жатыр», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға