Жаңалықтар

"Сәукеле киіп ұзатыламын". Әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы айтты

"Сәукеле киіп ұзатыламын". Әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova 22.12.2023 10:22 6060

Әнші Мөлдір Әуелбекова «Ұйқым келмейді» бағдарламасында сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өмірімде бір қағида бар: мен ештеңеге өкінбеймін. Өмірімде болып жатқан жағдайлардың бәрі Алланың қалауымен, құдайдың жазған тағдырымен болып жатыр. Өкініш деген нәрсе – ол Алланың саған бұйырғанына келіспеу. Ол өте қорқынышты нәрсе. Мен де еш өкініш жоқ. Барлығы өз орнымен, өз уақытымен болып жатыр деп ойлаймын, - дейді әнші.

Болашақта тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін жеткізді.

Әкеме «Мен әлі сәукеле киіп ұзатыламын» деп айтамын. Бұйырсын деп тілеймін. Мен тағдырыма не жазылғанын білмеймін ғой. Сол себепті сондай бұйрық болып жатса, мен қарсы емеспін. Болмай жатса, оған да шүкір. Жалғыз емеспін. Сол орынды толтыратын менің халқым бар, өзімді бақыттымын деп айта аламын, - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетейік, әнші Мөлдір Әуелбекова орамал тағып жүретіндіктен де ұйымдастырушылар өзін концерттерге көп шақыра бермейтінін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға