Санкт-Петербургте өртенген Wildberries қоймасында Қазақстанның тауары бар ма?
Санкт-Петербургте 70 мың шаршы метр өртке оранған Wildberries қоймасына қатысты сауда және интеграция министрі пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, сатушыларымыз туралы және бізде қанша тауар зардап шеккені жөнінде нақты ақпарат жоқ.
Оқи отырыңыз:
Энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы қанша пайызға өсті? Министрдің жауабы
Францияда өтетін Worldskills әлем чемпионатына Қазақстанның дайындығы қандай? Сарапшы пікір білдірді
«Қазақ тілі» қоғамы «Qazaq Oxford Dictionary» сөздігін құрастырып шықты
Білетінім, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты санау, тексеру шаралары болуда. Жеткізу мүмкіндігіне келетін болсақ, өздеріңіз білетіндей, көлік паркі зардап шеккен жоқ. Жеткізу жүріп жатыр. Жалпы, сақтау пункттері және тауарларымызды өңдеу пункттерінің көп бөлігі Ресейдің орталығында екенін айта кету керек. Процесс қалыпты режимде жүреді. Әзірге біз мұндай өтініштерді алған жоқпыз, – деді сауда және интеграция министрі.
Журналистің «Бұл қоймада Қазақстанның тауарлары көп болған жоқ деп болжауға болады ғой?» деген сауалына министр былай деп жауап қатты:
Мен болжам жасамаймын. Тергеу нәтижелерін күту керек. Бірақ іс жүзінде біздің сатушылардан өтініштер болған жоқ.
Еске сала кетейік, Санкт-Петербургте 70 мың шаршы метр болатын Wildberries қоймасы өртеніп кеткен болатын.