Жаңалықтар

SalyqBot шотты бұғаттан шығаратын қызметті іске қосты

Бот тұлғаларға жедел қызмет көрсетеді
SalyqBot шотты бұғаттан шығаратын қызметті іске қосты
Фото: elitar.kz 14.12.2022 07:15 1028

Salyqbot шотты бұғаттан шығару және жеке тұлғалардың салықтары бойынша жедел көмек көрсету қызметін іске қосты, деп хабарлайды El.kz Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, комитеттің Salyqbot Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметі: «Шотты бұғаттан шығару» және «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек» іске қосылды.

Бұл қызметтер «бір рет басу» арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген қызметтер бойынша Salyqbot пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.

Бұл қызметтерге кіру үшін  «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек» сілтемесіне өту қажет. Сондай-ақ автоматты түрде Salyqbot қосымшасына аударылатын QR-кодты пайдалану жеткілікті. Телефон камерасын немесе кез-келген браузердің камерасын (Google, Yandex және т.б.) QR-кодқа бағыттаңыз.

Осылайша, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарымен байланысының тағы бір арнасы пайда болды. Енді ақпаратты 1414 (3) Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер органдарына бару арқылы ғана емес, сонымен қатар онлайн сілтемелер мен QR-коды арқылы оңай және қарапайым түрде ала аласыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға