Жаңалықтар

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді

Салық кодексіне бірнеше маңызды түзетурлер енгізіліп отыр
Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді
Фото: gov.kz 24.11.2022 16:49 1080

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан жаңа Салық кодексінің жобасы Парламентке қашан енгізілетінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика министрі жаңа Салық кодексінің жобасын жан-жақты пысықтап, сапалы дайындау үшін 1,5 жыл уақыт керек екенін айтты. 

Бұдан бөлек, Салық кодексіне бірнеше маңызды түзетурлер енгізіліп отыр.
Олар:
  •  
    Конституциялық сотқа жүгінген кездегі мемлекеттік бажды белгілеу, ал халықтың әлеуметтік осал топтарын босату;
  •  
    пайдалы қазбаларды өндіру салығын салу объектісін өзгерту;
  •  
    балық аулау кәсіпорындары үшін балықты өңдеген жағдайда қосылған құн салығын 70%-ға азайту;
  •  
    шикі қант импортын қосылған құн салығынан босату;
  •  
    қант өндірушілер үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту;
  •  
    зергерлерді алтынды сатқаны үшін қосылған құн салығынан босату;
  •  
    энергия беруші ұйымның электр желілерін өтеусіз алуы кезінде салық міндеттемелерінің туындауын болдырмау;
  •  
    жолаушылар тасымалдаушыларына магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсету кезінде салық салу мәселелерін реттеу;
  •  
    азаматтық авиация саласында сертификаттар бергені үшін алымдарды алып тастау; · транзиттік әуе кемелеріне жанармай құю кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін қолдануды кеңейту;
  •  
    шығарылған жылы 7 жылдан аспайтын тартқыштарды бастапқы тіркеу үшін алымнан босату;
 
Бұдан бөлек, чек бермеу фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы алу, ипотекалық кредит бойынша берешекті есептен шығару, жалдау құнын төмендету және тұрғын үйді жалға алуға бюджеттік субсидиялар алған кезде салықтық тәуекелдер болмайды. Сенаторлар заңды екі оқылымда қабылдады.
 
Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға