Жаңалықтар

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодардағы станцияға аялдады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодардағы станцияға аялдады
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 17.06.2023 20:09 579

17 маусымда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Павлодар облысы Тасқұдық станциясына аялдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, жоғары білікті мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

Медициналық пойыз 16 маусым күні сағат 21:19-да аталған аядамаға келіп, пациенттерге көмек көрсетпек. Рельстегі емхана 19 маусымда сағат 21:50-де Тасқұдық станциясынан жүріп кетеді. Жалпы, бұл маршрут елдегі медициналық кабинеттер тапшы өңірлердің шалғай елді мекендерін аралап жүр. Осылайша, биыл шалғайдағы сатнсаларға жақын тұратын халық тегін медициналық тексеруден өтіп, терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр және өзге де жоғары білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін медициналық пойыз Жетісу облысында болған еді. Дәрігерлер Көксу, Қалпе, Лепсі, Ақтоғай, Бескөл станцияларының тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетті. Жетісу облысы бойынша Медициналық тур Достық станциясымен аяқталды.

Жетісу облысынан кейін медициналық пойыз Шығыс Қазақстан облысына бағыт алды. Дәрігерлер Шығыс Қазақстан облысы Жарма, Ертіс зауыты, Тишинская, Ермаков, Таусамалы, Алтай, Күмістау, Шар, Белағаш және Суықбұлақ станцияларының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті.

Осы аралықта ШҚО мен Абай облысында дәрігерлер 7 104 тұрғынды қабылдады, оның ішінде 1 031 бала бар. Жалпы, дәрігерге барғандар саны – 19 414. Бұл кезеңге дейін 550 шағын хирургиялық ота жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға