instagram.com/saken_maigaziyev

Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын бизнеске айналдыра ма?

09.06.2025 13:33

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойын онлайн көруге тіркелу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркелу басталды, - делінген Instagram-дағы жазбада.

Алайда оқырман қауым трансляцияға тіркелу ақылы екенін аңғарған. Ал оның құны адам басына 1380 теңгеден екен.

Оқи отырыңыз:

Желідегілер әншінің бұл әрекетін сынап жатыр. 

«Масқара, Сәкен Майғазиев бұлай жасайды деп ойламаппын», «сендер арқылы ақша таппақшы, шығынды жабу керек», «сорлылар-ау», «сөз жоқ», «ойбай, тоймай жатыр ғой, жеке бас қуаныштарын да жарнамалап сату керек», - деген пікірлер жазды көпшілік.