Жаңалықтар

Сүтқоректілер ғарышта көбейе алады

ытай ғалымдары сүтқоректілердің ғарышта көбейе алатынын дәлелдеді.
21.04.2016 11:04 6014

Сүтқоректілер ғарышта көбейе алады

Қытай ғалымдары сүтқоректілердің ғарышта көбейе алатынын дәлелдеді. China Daily-дің ақпараты бойынша 2016 жылдың 6 - сәуірінде ғарышқа ұшырылған SJ-10 кемесінің ішінде арнайы капсулаға салынған тышқан эмбриондары бар.

Сүтқоректілер ғарышта көбейе алады

Капсуланы жылу беру жүйесімен, қажетті қорек беру жүйесімен, сондай-ақ, микроскоп пен камерамен жабдықтаған. Камера төтр сағат сайын эмбриондардың дамуын суретке түсіріп тұрған. Ғарышта өткізген 80 сағаттың ішінде эмбриондар — бластоцистерге айналған.  

Сүтқоректілер ғарышта көбейе алады

Бұл ғарышта жасалған сәтті тәжірибе — сүтқоректілердің ғарышта көбейе алатынын дәлелдейді. Тәжірибенің басшысы профессор Дуан Енкуй «бұл болашаққа жасалған үлкен қадам. Дегенмен, ғарышқа көшіп баруға әлі ерте» деп қалжыңдайды берген сұхбатында. Осыған дейін мұндай тәжірибені Еуропа ғалымдары жасаған. Алайда тәжірибе сәтсіз шығып, «ғарышта сүтқоректілер көбейе алмайды» деген шешімге келген болатын.    


Алмас САУДАНБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға